Meta Қазақстанда өкілдік ашпаса, оның әлеуметтік желілері бұғаттала ма

13:57, 18 қараша 2026
MKZ: 1578368

© Фото: pexels

Meta компаниясы Қазақстанда өкілдік ашпаса, оған тиесілі әлеуметтік желілерді бұғаттау мәселесі әзірге қаралған жоқ. Бұл туралы Құрылтай депутаты Александр Данилов 2026 жылғы 18 қарашада өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер депутаттан компания ел аумағында өкілдік ашудан бас тартқан жағдайда, оның әлеуметтік желілерін бұғаттау көзделген бе деп сұрады.

"Ең алдымен, қазіргі жағдайды ескеру керек. Жұмыс тобының отырысында Meta өкілдерімен телефон арқылы сөйлестік. Компанияның біздің өңірге қызығушылығы зор. Қазір жұмыс жүріп жатыр. Шынын айтсам, бұғаттау мәселесін қарастырған жоқпыз. Әрине, егер заңға мұндай талап енгізілсе, тиісті нормалар қолданылады. Дегенмен іс бұғаттауға дейін бармайды деп ойлаймын. Өйткені әлеуметтік желілердің түрлі елдерде өкілдік ашуы – әлемде кең тараған тәжірибе. Өкілдіктер азаматтарымызды заңға қайшы контенттен қорғауға да көмектеседі", – деді Александр Данилов.

Бұған дейін Құрылтай депутаттары онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!