Қазақстанда бастапқы жарнасы 10%-дан басталатын жаңа тұрғын үй бағдарламасы әзірленіп жатыр
© Фото: freepik
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков 2026 жылғы 17 қарашада үкімет отырысынан кейін журналистерге әзірленіп жатқан жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасының кейбір шарттарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер ведомствоның қандай жаңа тетіктерді қарастырып жатқанын сұрады.
"Қазір "7-20-25" және "Наурыз" бағдарламалары бойынша бастапқы жарна 20%-ды құрайды. Ал жекелеген мемлекеттік қолдау бағдарламаларында ол 10%-дан басталады. Бұл – "2-10-20" және "5-10-25" бағдарламалары. Сондықтан біз қазір қарыз қаражатын нарықтық тәсілмен тартуды көздейтін, бастапқы жарнасы 10% болатын тетікті пысықтап жатырмыз", – деді Бақытжан Жүнісбеков.
Оның айтуынша, бұл жұмыс Отбасы банкпен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Алайда жаңа тетік басқа қаржы институттары, соның ішінде Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы мен екінші деңгейдегі банктер арқылы да іске асырылуы мүмкін.
"Біз әзірлеп жатқан тетік тұрғын үй құрылыс жинақтары бағдарламасы бар екінші деңгейдегі банктерді де тартуды көздейді", – деп түйіндеді комитет төрағасы.
Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларының шарттары үнемі жетілдіріліп отыратынын айтқан еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 17 қараша 2026
Астанада жұмысшыларға шалшық су шашып кеткен жүргізуші 10 тәулікке қамалды
-
16:51, 17 қараша 2026
Алдағы күндері Алматыда ауа температурасы +15°С-қа дейін көтеріледі
-
16:43, 17 қараша 2026
«Balapan»-ның күзгі базарлығы
-
16:41, 17 қараша 2026
Шымкентте «Shymkent AI Forum – 2026» өңірлік форумы өтіп жатыр⠀
-
16:37, 17 қараша 2026
Қазақстандықтарға WhatsApp пен Telegram-дағы алаяқтық туралы ескертілді





