Әлеуметтік желіде баланың жасын қалай тексереді? Министр ЖСН-ге қатысты сұраққа жауап берді

13:44, 18 қараша 2026
MKZ: 1578364

© Фото: pexels

Әлеуметтік желіге тіркелу кезінде баланың жасын растау үшін оның ЖСН-і де, өзге де дербес деректері платформаларға берілмейді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 2026 жылғы 18 қарашада Құрылтайда өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне шектеу енгізілсе, олардың жасы қалай тексерілетінін сұрады. Сондай-ақ олар мұндай тексеру кезінде балалардың дербес деректері қаншалықты қорғалатынына алаңдаушылық білдірді.

"Меніңше, мұнда қауіп жоқ. Дербес деректерді қорғау – негізгі қағидаттардың бірі. Баланың неше жаста екенін растау үшін оның ЖСН-і немесе басқа деректері беріледі деп алаңдайтындар бар. Ондай жағдай болмайды", – деді министр.

Қырықбаевтың айтуынша, басқа елдерде пайдаланушының жасын тексеру міндеті әлеуметтік желілердің өзіне жүктелген.


"Ірі компаниялардың мүмкіндігі мол. Олардың қолында аккаунт иесінің кім екенін қысқа уақытта анықтауға мүмкіндік беретін технологиялар бар. Платформалар жарияланған материалдарды талдайды, жасанды интеллектіні және басқа да тексеру тәсілдерін қолданады. Сондықтан пайдаланушының жасын анықтау оларға қиынға соқпайды деп ойлаймын", – деді Қырықбаев.

Бұған дейін министр мемлекеттік органдардың жауаптарын БАҚ-та жариялаған кезде оларға арнайы белгі қою туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!