Атырауда 90 жасқа таяған қария туған ұлының зорлығын сотта айтып берді
© Фото: pexels
Атырау облысында туған ұлынан таяқ жеген 90 жасқа таяған қария сотта басынан өткен оқиғаны баяндады. Оның айтуынша, кенже ұлы бірнеше сағат бойы өзін үйге қамап, қол-аяғын скотчпен байлап, басынан ұрған. Қазір ақсақал баласының заң алдында жауап бергенін талап етіп отыр.
Қылмыстық іс Жылыой аудандық сотында қаралып жатыр. Сот отырысында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының тұрғыны Әділхан Сисенов ұлының өзіне жасаған әрекеттерін айтып берді.
Қарияның сөзінше, ұлы оны қайта-қайта басынан ұрып, тыныштық бермеген. Алдымен қолымен соққы жасап, кейін қалың скотчпен ұрған. Сондай-ақ қол-аяғын байлап, таңғы сағат сегізден түнгі төртке дейін үйде қамап ұстаған.
"Тас төбемнен ұра берді. Алдымен қолымен, кейін қалың скотчпен ұрды. Маған күн көрсетпейтін болды. Екі сағат сайын келіп ұрады. Басқа жерімнен емес, үнемі тас төбемнен соққы жасайды. Ойы — қылмыс жасап алып, мені кемтар қылу болған сияқты. Сағат сегізден түнгі төртке дейін қамауда болдым. Қол-аяғымды скотчпен байлады", — деді Әділхан Сисенов.
Оқиға биыл маусым айында болған. Қария оңтайлы сәтті пайдаланып, үйден қашып шыққан. Кейін жақын туысының үйіне барып, болған жағдайды жеткізген. Осы оқиғадан соң кенже ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ақсақал ұлының соққысынан кейін денсаулығы күрт нашарлағанын айтады. Оның сөзінше, басынан алған жарақаттар инсультке әкелген. Бұған қоса, ұлы киім-кешегін де өзіне бермей қойған.
Сот процесі басталған кезде жәбірленушінің денсаулығы тағы сыр берген. Қыркүйекте дәрігерлер оған микроинсульт диагнозын қойған. Туыстары қарияның жағдайына алаңдап, күтіміне ерекше көңіл бөлген. Кейін денсаулығы біртіндеп жақсарған.
Айыпталушы — 47 жастағы кенже ұлы. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша, яғни дәрменсіз күйдегі немесе өзіне материалдық не басқа жағынан тәуелді адамды ұрып-соқты деген айып тағылған. Қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:52, 17 қараша 2026
Ақтауда полицей суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды
-
21:25, 17 қараша 2026
Конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі: Қазақстан құрамасының тізімі
-
20:46, 17 қараша 2026
18 қарашада қыс қаһарына мінеді: Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:38, 17 қараша 2026
Супермаркетте 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді қала тұрғыны құтқарып қалды
-
20:31, 17 қараша 2026
Қазақстандық шпагашылар Ташкентте өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысады





