Мемлекеттік органдардың жауаптарына не үшін арнайы белгі қою ұсынылды
© Фото: Zakon.kz
Елімізде мемлекеттік органдардың жауаптарын БАҚ-та жариялағанда арнайы белгі қою ұсынылды. Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 2026 жылғы 18 қарашада Құрылтайда өткен брифингте мұндай белгі оқырманға ресми ақпаратты ажыратуға көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ұсыныс онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерге енген.
"Жалған ақпарат көп таралып жатқанда, ресми мәліметті түрлі жорамалдар мен бұрмаланған түсіндірмелерден ажырату үшін арнайы белгі қажет. Кейде азаматтар ненің рас, ненің өтірік екенін ажырата алмай жатады. Мәселен, белгілі бір мәлімдемені министрліктің өзі жасады ма, әлде оны біреу әдейі ойдан шығарды ма деген күмән туындаған жағдайлар тәжірибемізде кездесті", – деді министр.
Қырықбаевтың айтуынша, аталған норма осындай жағдайларға байланысты ұсынылған.
"Депутаттар бұл ұсынысты қолдады. Заң қабылданғаннан кейін осы мәселе бойынша заңға тәуелді арнайы нормативтік құқықтық акт қабылданады", – деді ол.
Бұған дейін Құрылтай депутаттары онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:27, 18 қараша 2026
Қазақстанда әлеуметтік төлемдерден өз еркімен қалай бас тартуға болады
-
14:18, 18 қараша 2026
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының қамауға алынғанын хабарлады
-
13:57, 18 қараша 2026
Meta Қазақстанда өкілдік ашпаса, оның әлеуметтік желілері бұғаттала ма
-
13:44, 18 қараша 2026
Әлеуметтік желіде баланың жасын қалай тексереді? Министр ЖСН-ге қатысты сұраққа жауап берді
-
13:38, 18 қараша 2026
Құрылтайда мемлекеттік органдардың БАҚ сауалдарына қалай жауап беретінін бақылау туралы ұсыныс қаралады





