Қазақстандықтарға WhatsApp пен Telegram-дағы алаяқтық туралы ескертілді

16:37, 17 қараша 2026
MKZ: 1578208

© Фото: pixabay

Электрондық үкіметтің egov.kz порталы 2026 жылғы 17 қарашада қазақстандықтарға мессенджерлерде таралып жатқан қауіпті жалған сілтемелер туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зиянды сілтемелері бар хабарламалар WhatsApp, Telegram және SMS арқылы банктердің, мемлекеттік органдардың, пошта қызметтері мен басқа да ұйымдардың хабарламасы ретінде келуі мүмкін. Кейде мұндай сілтемені бір рет басудың өзі жеке деректерден, құпиясөздерден, тіпті ақшадан айырылуға әкелуі ықтимал.

Алайда барлық сілтеме бір қарағанда күмәнді көріне бермейді. Кейбірінде алаяқтарға пайдаланушының сілтемеге өткенін және одан кейінгі әрекеттерін бақылауға мүмкіндік беретін арнайы параметрлер болады.

Сондай-ақ сайт мекенжайында таныс сөздердің болуы оның сенімді екенін білдірмейді.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін:

- белгісіз адамдар жіберген сілтемелерді ашпаңыз;

- сілтемеге өтпес бұрын сайттың мекенжайын тексеріңіз;

- бейтаныс сайттарға жеке деректеріңізді енгізбеңіз;

- хабарламаның ресми түрде рәсімделгеніне қарап, ондағы сілтемеге сене бермеңіз;

- сілтемені баспас бұрын оны тексеруді ұмытпаңыз.

Бүгін, 17 қарашада Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі де ведомство қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтар туралы қазақстандықтарға ескерту жасады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!