Аян Өтепберген Испанияда үздік актер атанды
© Сурет: kino-teatr.ru
Қазақстандық театр және кино актері, Астана қаласындағы Жас көрермен музыкалық театрының әртісі Аян Өтепберген Испанияның Тенерифе аралында өткен Isla Calavera X халықаралық фантастикалық кинофестивалінде "Үздік актер" номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Актер бұл марапатқа "Sicko" фильміндегі рөлі үшін Джека Тейлор атындағы сыйлықты иеленді.
Фестиваль қазылар алқасы оның актерлік шеберлігіне жоғары баға беріп, рөлді әсерлі сомдағанын, драма мен қара юморды шебер ұштастырғанын атап өтті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, фестиваль қорытындысы бойынша "Sicko" фильмі үш номинацияда жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, картина "Үздік толықметражды фильм", "Үздік актер" және "Үздік костюмдер" марапаттарын иеленді.
Айта кетейік, Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалі жыл сайын Канар аралдарында өтеді. Биыл мерейтойлық оныншы фестиваль 6-15 қараша аралығында ұйымдастырылды.
Аян Өтепберген – қазақстандық театр және кино актері, әнші. Оның кино мансабы 2012 жылы басталған. Содан бері ол бірнеше ондаған фильм мен жобаға түсті. Көрерменге "Мың бала" тарихи драмасындағы Таймас, "Қазақ хандығы" дилогиясындағы Бұрындық, "Томирис" фильміндегі Тирас рөлдері арқылы танылды. Сондай-ақ актер "Рэкетир 2", "Бизнесмен", "Бешбармақ" және "SHULAMAH" музыкалық драмасында өнер көрсетті.
Биыл мамырда Аян Өтепберген "Құрмет" мемлекеттік орденімен марапатталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:51, 17 қараша 2026
Футболдан Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкер іздей бастады
-
17:28, 17 қараша 2026
Атырау облысында қызылшадан бір жасар бала қайтыс болды
-
17:18, 17 қараша 2026
Алматыда қыс 2026-2027 жылдары қандай болады
-
17:02, 17 қараша 2026
Қазақстандық таеквондошылар Хорватиядағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды
-
16:56, 17 қараша 2026
Астанада жұмысшыларға шалшық су шашып кеткен жүргізуші 10 тәулікке қамалды





