Қазақстандықтар дәріханалардан қандай дәрілерді рецептісіз сатып ала алмайды
© Фото: freepik
Қазақстанда микробқа қарсы препараттарды сату талаптарының сақталуына қатысты тексерулер жалғасып жатыр. 2026 жылдың басынан бері антибиотиктерді рецептісіз сатқан дәріхана иелеріне жалпы сомасы 8 млн теңгеден асатын айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 17 қарашада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (ДСМ) баспасөз қызметі мәлімдеді.
"2026 жылдың басынан бері ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері антибиотиктерді рецептісіз сатуға қатысты 38 хаттама толтырды (ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі бойынша). Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 8,2 млн теңгеден асты".
Салыстыру үшін: 2023 жылы 3,5 млн теңгеден астам сомаға 26 хаттама, 2024 жылы 7,6 млн теңгеден астам сомаға 45 хаттама, ал 2025 жылы 9,5 млн теңгеден астам сомаға 59 хаттама толтырылған.
"Дәріханаларда көбіне "Азитромицин", "Цефтриаксон", "Цефазолин" және "Ципрофлоксацин" сияқты антибиотиктерді рецептісіз сатуға тырысады", – делінген ҚР ДСМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомство өкілдері антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз қабылдау бактериялардың дәріге төзімділігін арттырып, емнің тиімділігін төмендететінін атап өтті.
Мұндай препараттардың айналымын бақылау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Цифрлық экономиканы дамыту орталығымен бірлесіп, тәуекелі жоғары дәрілік заттарға міндетті электронды рецепт енгізіп жатыр. Ол тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесімен байланыстырылады.
Айта кетейік, 2026 жылғы 9 қарашада Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын бақылау күшейтілетіні белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 17 қараша 2026
Астанада жұмысшыларға шалшық су шашып кеткен жүргізуші 10 тәулікке қамалды
-
16:51, 17 қараша 2026
Алдағы күндері Алматыда ауа температурасы +15°С-қа дейін көтеріледі
-
16:43, 17 қараша 2026
«Balapan»-ның күзгі базарлығы
-
16:41, 17 қараша 2026
Шымкентте «Shymkent AI Forum – 2026» өңірлік форумы өтіп жатыр⠀
-
16:37, 17 қараша 2026
Қазақстандықтарға WhatsApp пен Telegram-дағы алаяқтық туралы ескертілді





