Жамбыл облысында 24 млн теңгенің жылқысын ұрлаған күдікті ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында 16 бас жылқыны айдап әкеткен 44 жастағы тұрғын ұсталды. Тергеу барысында оның ұрланған малдың жетеуін сойып, етін сатып жібергені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға Т.Рысқұлов ауданының құмды алқабындағы жайылымда болған. Ер адам жайылымда қараусыз жүрген жылқыларды байқап, оларды иемденуді ұйғарған.
Ол өзіне тиесілі айғырға мініп, жылқыларды үйірімен бірге айдап әкеткен. Нәтижесінде мал иесіне 24 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшердегі мал ұрлығы бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарды мал-мүлкінің сақталуына жауапкершілікпен қарауға, төрт түлікті қараусыз қалдырмай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:48, 17 қараша 2026
Қазақстанда бір апта бұрын қатынай бастаған Stadler пойызының дәретхана істен шықты
-
18:23, 17 қараша 2026
Нұрқанат Серікбаев дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді
-
18:06, 17 қараша 2026
Алматыда балаға қатысты қылмыс жасады деген күдікті өзіне қол салмақ болды
-
18:06, 17 қараша 2026
Алматыда балаға қарсы ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған ер адам өзіне қол салмақ болған
-
17:51, 17 қараша 2026
Футболдан Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкер іздей бастады





