18 қарашада қыс қаһарына мінеді: Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

20:46, 17 қараша 2026
MKZ: 1578266

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 18 қарашада Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанайда түнде қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының орталығында түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде секундына 15-18 метрге жетеді. Жезқазғанда түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел бағытын оңтүстік-батысқа өзгертіп, облыстың батысында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Оралда түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні Алакөл көлдері маңында секундына 15-20 метрге, кей уақытта 23-28 метрге жетеді. Түнде желдің екпіні секундына 30 метрден асады. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, шығысында, орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Павлодарда да түнде және таңертең тұман болады.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге, шығысында кей уақытта 25 метрге жетеді. Облыстың солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге, күндіз батысы мен оңтүстігінде кей уақытта 23-28 метрге жетеді. Петропавлда күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстік-батысында, орталығында секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде түнде қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел таңертең және күндіз оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың батысы мен орталығында секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтауда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел бағытын солтүстік-шығысқа өзгертіп, облыстың тау асуларында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Түркістанда да түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысының оңтүстігі мен шығысында түнде аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр) түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батысында және солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде және таңертең тұман болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!