17 қарашадағы саудада доллар бағамы сәл төмендеді
© Фото: zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 17 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,55 теңгеге төмендеп, 443,96 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 0,01 теңгеге төмендеп, 5,39 теңге болды.
Қытай юанінің бағамы да 0,01 теңгеге арзандап, 66,57 теңгені құрады.
Ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 444,3 теңге, сату бағамы – 446 теңге. Еуроны сатып алу – 488,8 теңге, сату – 493,3 теңге, ал рубльді сатып алу – 5,13 теңге, сату – 5,24 теңге.
17 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы да төмендеп жатыр.
Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,9%-ға арзандап, барреліне 91,62 доллар болды.
Америкалық West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1%-ға төмендеп, барреліне 84,89 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 444,4 теңге, еуроны 488,97 теңге, рубльді 5,39 теңге деңгейінде белгіледі.
17 қарашаның бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындары шетел валюталарын қандай бағаммен сатып алып, сатқанын осы жерден көруге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:27, 17 қараша 2026
17 қарашадағы Астана мен Алматының ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамдары
-
11:09, 16 қараша 2026
16 қарашада Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай
-
11:43, 15 қараша 2026
15 қарашада доллар мен еуро қаншадан саудаланып жатыр
-
11:40, 14 қараша 2026
Астана мен Алматының ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 14 қараша
-
11:18, 13 қараша 2026
13 қараша: Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамдары





