Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанның «Ел-жұрт құрметі» орденімен марапатталды
Бүгін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Ташкентке мемлекеттік сапармен келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «Ел-жұрт құрметі» орденімен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Ташкенттен. Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Өзбекстан басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты «Ел-жұрт құрметі» орденімен марапаттау туралы арнайы Жарлыққа кеше қол қойғанын айтты.
Аталған Жарлықта Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік ауқымдағы көрнекті мемлекет және саяси қайраткер екендігі және оның көреген басшылығының арқасында әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алған және бүгінде қарқынды, демократиялық жолмен дамып, қуатты нарықтық экономика мен ашық қоғам құрған тәуеліз Қазақстан Республикасының негізі қаланғаны айтылған. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке зор үлесінің арқасында бауырлас өзбек пен қазақ халықтарының арасында достық пен ынтымақтастықтың мығым көпірінің негізі қаланды. Осының негізінде қазіргі уақытта елдер арасында өзара тиімді әрі жемісті байланыстар даму үстінде. Бауырлас екі ел дәстүрлі достық пен стратегиялық серіктестікті тереңдету, кеңейту, сонымен қатар бейбітшілік үшін әлемдік қоғамдастықты нығайтудағы ұлы еңбегіне орай Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ел-жұрт құрметі» орденімен марапатталсын!», – делінген Жарлықта.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:56, 10 желтоқсан 2021
Тоқаев Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасарын қабылдады
-
16:13, 10 желтоқсан 2021
Нұрлан Нығматулин Думаның бірінші вице-спикерін қабылдады
-
12:38, 8 желтоқсан 2021
Дариға Назарбаева Шавкат Мирзиёевпен кездесті
-
09:10, 8 желтоқсан 2021
Мамин Қырғызстан үкіметінің басшысымен келіссөз жүргізді
-
21:39, 5 желтоқсан 2021
Өзбекстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келіп жетті