Астана халықаралық әуежайы мәлімдеме жасады

11:06, 1 мамыр 2024

© Сурет: Telegram/nqzairport

Астана халықаралық әуежайы авиациялық қауіпсіздік қызметінің күшейтілген режимге көшуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің жарлығына сәйкес, Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі күшейтілген режимге көшеді. Осыған орай елорда әуежайының халықаралық (Т1) және ішкі ұшулар (Т2) терминалдарының кіреберісіне (бірінші линиялары) тексеру аппараттары орнатылды", делінген хабарламада.

Астана халықаралық әуежайы арқылы ұшу/ұшып келуді жоспарлаған жолаушылар мен шығарып салушылардан тексерістен өтер кезде әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің талаптарына құлақ асуды және бұлжытпай орындауды сұрайды.

Сондай-ақ тексерістен өту процедуралары қосымша уақыт қажет ететінін ескере отырып, рейсіңізді сәтті орындау үшін әуежайға ертерек келуге кеңес береді.

Айта кетсек, таяуда 1 мамырдан бастап Қазақстанның барлық әуежайында вокзал маңындағы алаңдарда, паркингтерде және жолаушылар терминалдарында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша қосымша шаралар енгізілетіні белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!