Екі аптадағы рейд барысында полицейлер 120-дан астам заңсыз қоқыс орнын анықтады

10:41, 1 мамыр 2024

© Сурет: видеодан алынды

15 сәуірден бастап республика аумағында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын қоқысқа белгіленбеген жерлерде қалдырып кету, сұйық қалдықтарды заңсыз төгу фактілеріне жол бермеу бойынша арнайы акция өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ-нің хабарлауынша, аталған акция басталғалы бері полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады. Олардың 32-сі елдімекендерден шалғай жерлерде орналасқан.

"Жалпы 19 274 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 5 488 факті ортақ пайдалану орындарын ластаумен, 13 786 факті абаттандыру ережелерін бұзумен байланысты", делінген хабарламада.

ІІМ азаматтарды табиғатты аялауға, қоршаған ортаны ластамауға, экологиялық заңнаманы сақтауға шақырады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!