Еліміз бойынша 1-3 мамырға арналған ауа райы болжамы

12:45, 1 мамыр 2024

© Сурет: Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ-да өткен брифинг барысында жақын күндері ҚР басым бөлігінің ауа райына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер ететінін, оған байланысты еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауатынын айтты.

"Республикамыз бойынша күн райы бұзылу сипаты тән, атап айтқанда, найзағай ойнап, желдің күшеюі күтіледі. Ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста дауыл тұрады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, батыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте тұман болады деп болжанады.Түнде Солтүстік Қазақстан облысында, Ақмола, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде 1-6 градус үсік жүреді деп күтіледі", - деді спикер.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

2024 жылғы 1-2 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.

Сондай-ақ 2024 жылдың 1-2 мамыр аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!