Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күнінде қандай мерекелік шаралар өтеді

09:25, 1 мамыр 2024

© Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні қандай мерекелік іс-шаралар болатынын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала билігінің мәліметінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Абай алаңында "Береке – бірлікте" жалпы республикалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккендерге көмектескен еріктілерді, белсенді азаматтар мен мәдениет қайраткерлерін марапаттау рәсімі өтеді.

Мереке концерттік бағдарламамен, қайырымдылық акцияларымен, жәрмеңкелермен және байқаулармен толығып, той-думан өз жалғастығын табады.

Аталған шаралардан түскен қаражат су тасқыны салдарын жою мақсатында "Демеу Қазақстан қорына" аударылады.

Сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін Республика сарайының алдында қайырымдылық жәрмеңкесі мен гастрофестиваль өтеді, оның барысында 10-нан астам мейрамхана түрлі ұлттық тағамдар ұсынады.

Ал кешке сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін Абай атындағы алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Maxi Fest қайырымдылық концерті өтеді.

Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баршаны Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!