Тоқаев Әзербайжан мен Арменияның Алматыда өтетін келіссөздеріне қатысты мәлімдеме жасады
© Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан мен Армения арасындағы Алматыда өтетін келіссөздер процесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының мәлімдемесін Ақорда жариялады.
"Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бейбіт келісімге дайындық жүргізу мақсатында екі елдің сыртқы істер министрлерінің келіссөзін өткізу туралы өзара келісімге келгенін құптаймын".Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент бұл маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар екенін баса атап өтті.
"Өйткені 1991 жылы желтоқсан айында ТМД елдерінің тәуелсіз дамуына негіз қалаған және мемлекетаралық шекараны анықтау қағидаларын бекіткен тарихи құжатқа – Алматы декларациясына қол қойылған еді", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы келіссөз жуық арада тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал ететініне сенім білдіреді.
"Алдағы кездесу әзербайжан-армян уағдаластығының нақты жүзеге асуына жол ашып, жуық арада Оңтүстік Кавказда тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді".
Әзірбайжан мен Арменияның Сыртқы істер министрлері бейбітшілік шарты бойынша келіссөздерді жалғастыру үшін Алматыда кездеседі. Бұл туралы Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев 28 сәуірде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкинмен телефон арқылы сөйлескен кезде айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:20, 21 мамыр 2024
Биыл Ұлытау облысында 12 нәресте шетінеген
-
21:04, 21 мамыр 2024
Қазақстан жаһандық туризм рейтингінде өз орнын жақсартты
-
20:51, 21 мамыр 2024
Қазақстанда интернет-алаяқтыққа қарсы антифрод-тетігі енгізілді
-
20:47, 21 мамыр 2024
Павлодарда жиеніне азғындық жасаған ер адам сотталды
-
20:32, 21 мамыр 2024
Тоқаев Финляндия президентімен телефон арқылы сөйлесті