Тоқаев Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасарын қабылдады

© Сурет: akorda.kz
Кездесуде қазақ-түрік стратегиялық әріптестігінің қазіргі жағдайы мен перспективалары, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас мәселелері талқыланды.
Қазақстан Президенті жуырда Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып сайланған Бинали Йылдырымды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бинали Йылдырым қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Президентті және Қазақстан халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Сонымен қатар екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту үшін Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Анкараға ресми сапармен келуге шақырған сәлемін жеткізді, делінген Ақорда хабарламасында.
Кездесуде қазақ-түрік стратегиялық әріптестігінің қазіргі жағдайы мен перспективалары, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі саяси диалогтың арта түскенін, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Қазақстан Президенті биыл қараша айында Ыстанбұлда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының тарихи саммитінің қорытындысы бойынша қабылданған шешімдердің маңыздылығына мән беріп, Бинали Йылдырымды осы Ұйымның Ақсақалдар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:57, 11 маусым 2025
Роберт Фицо Ақордаға ресми сапармен келді – фоторепортаж
-
14:10, 9 маусым 2025
Қазақстан мен Болгария энергетика, көлік және ЖИ саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті
-
13:36, 9 маусым 2025
Қазақстан мен Болгария қандай құжаттарға қол қойды
-
19:15, 30 мамыр 2025
«ОА+Италия» бірінші саммитінің қорытындысы бойынша бірлескен декларация қабылданды
-
12:49, 30 мамыр 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони арасындағы келіссөздер: олар нені талқылады