Нұрлан Нығматулин Думаның бірінші вице-спикерін қабылдады
© Сурет: Ж.Жұмбеков
Тараптар Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін атап өтті
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Дума Төрағасының бірінші орынбасары Александр Жуковпен Қазақстан мен Ресей парламентаралық ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тараптар екі ел арасындағы 30 жыл ішіндегі ынтымақтастық туралы айтып, Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы тарихи рөлін атап өтті.
Нұрлан Нығматулин Ресей Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктесі және одақтасы, сенімді дос және тату көрші екенін, сондай-ақ, мемлекетаралық өзара іс-қимыл одан әрі де арта түсетінін және оған екі ел парламенттері өзіндік үлес қосатынын айтты.
Өз кезегінде, мәртебелі мейман Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде асулардан өтіп, елдер арасындағы ынтымақтастық барлық бағыттары бойынша қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Мәжіліс пен Мемлекеттік Думаның парламентаралық комиссиялары мен Палата комитеттерінің бірлескен жұмысын жандандыруды да қолдады. Отырыс барысында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, ТМД ПАА аясындағы өзара іс-қимылды нығайту туралы сөз болды. Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжіліс Спикерінің айтуынша, модельдік заңдар, ұсынымдар мен парламентаралық іс-шаралардың тәжірибелік сипаты қазіргі заманның өзекті мәселелерді шешуге ықпал ететін болады.
Сурет: Ж.Жұмбеков
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:36, 17 қараша 2025
Тоқаев Мирзиёевке қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, Өзбекстанға жасаған сапарының тарихи мәніне тоқталды
-
17:07, 17 қараша 2025
Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді
-
16:45, 17 қараша 2025
Ақордада Эстония президентін салтанатты түрде қарсы алды
-
13:23, 15 қараша 2025
Тоқаев пен Мирзиеев қандай құжаттарға қол қойды
-
10:35, 15 қараша 2025
Тоқаев Мирзиеевмен келіссөз жүргізді





