Астанада қоғамдық көліктер 1 мамыр мен 4 мамырда қалай қатынайтыны белгілі болды

10:57, 1 мамыр 2024

© Сурет: Zakon.kz

Астанада қоғамдық көліктердің мереке күні - 1 мамырда, сондай-ақ сенбі - 4 мамырда қалай қатынайтындығы туралы қосымша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық қоғамдық көліктердің 1 мамыр және 4 мамырдағы қозғалыс кестесін көлік компаниясы жариялады.

"1 және 4 мамыр күндері елорданың қоғамдық көліктерінің жұмыс кестесі туралы мынаны хабарлаймыз: 1 мамырда автобустар, әдеттегі сенбі күнгі кестемен, ал сенбі - 4 мамырда жұмыс күнгі кестеге сәйкес жүреді. Жұмыс уақыты сағат 06: 00-ден 23:00-ге дейін. Сапарларыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз"."City Transportation Systems" ЖШС

Айта кетсек, бұған дейін ел азаматтары мамыр айында үш мерекені атап өтетіні хабарланған: 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр — Жеңіс күні. Биыл сәрсенбі күніне сәйкес келетін 1 мамырда бір ғана демалыс күні қарастырылған. 2 мамыр, бейсенбі - жұмыс күні.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!