БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Алина Ажғалиеваны қабылдады
© Сурет: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жеңіс Нығметуллин Қазақстан тарихында шорт-тректен әлем чемпионатының алғашқы жүлдесін жеңіп алған Алина Ажғалиева мен бапкерлерін қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еске салсақ, Алина Польшаның Гданьск қаласында өткен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 1500 метр қашықтыққа жарысудан финалға шығып, мәреге екінші болып келген болатын.
Сурет: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы
Басқарма басшысы Алинаны тарихи жеңісімен құттықтап, алдағы қатысатын дүбірлі додаларда да топ жаруына тілегін білдірді.
Сурет: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы
Кездесу соңында Алинаға сыйлық табыс етілді.
Сурет: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы
Ажғалиева Алина – қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шорт-трек бөлімінде 4 жылғы спорттық жетілдіру тобының спортшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ІІ-курс студенті.
Жетістіктері:
- Шорт-тректен жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы;
- 2019 жылы "Дети Азии" халықаралық ойындарында ІІІ-орын;
- 2023 жылы Дүниежүзілік универсиадада ІІІ-орын;
- 2023 жылы Әлем Кубогының кезеңінде ІІ-орын;
- 2023 жылы Қазақстан Республикасының IV Қысқы жастар ойындарында І-орын.
- 2024 жылы ақпанда Әлем Кубогының кезеңінде ІІІ-орын;
- 2024 жылы Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатында ІІІ-орын иеленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:27, 21 мамыр 2024
Павлодарда әдеп жөніндегі уәкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды
-
17:23, 21 мамыр 2024
Еңбек министрлігі көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемін атады
-
17:05, 21 мамыр 2024
Алматы полицейлері 8 қап ақбөкен мүйізін сатпақ болған күдіктілерді ұстады
-
17:00, 21 мамыр 2024
Алматыда полиция көлік ұрлаумен айналысқан күдіктіні қолға түсірді
-
16:43, 21 мамыр 2024
Қызылордада «үлгілі елді мекен» конкурсы дәстүрлі түрде өтуде