Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасындағы Алматыда өтетін келіссөзге қатысты мәлімдеме жасады
© Фото: zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан мен Армения арасындағы Алматыда өтетін келіссөздер процесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бейбіт келісімге дайындық жүргізу мақсатында екі елдің сыртқы істер министрлерінің келіссөзін өткізу туралы өзара келісімге келгенін құптаймын.
Бұл маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар. Өйткені 1991 жылы желтоқсан айында ТМД елдерінің тәуелсіз дамуына негіз қалаған және мемлекетаралық шекараны анықтау қағидаларын бекіткен тарихи құжатқа – Алматы декларациясына қол қойылған еді.
Алдағы кездесу әзербайжан-армян уағдаластығының нақты жүзеге асуына жол ашып, жуық арада Оңтүстік Кавказда тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:53, 21 мамыр 2024
«Айки тізімі»: Алматыда элиталық эскортницалар желісін ұйымдастырушы сотталды
-
15:45, 21 мамыр 2024
21 мамырдағы саудада доллар арзандады
-
15:34, 21 мамыр 2024
Жол көлік оқиғасының ең көп кездесетін себептері анықталды
-
15:21, 21 мамыр 2024
Алматы облысында интернет-алаяқтардың құрбандарына 8 млн теңгеден астам шығын өтелді
-
15:10, 21 мамыр 2024
Тасқын кезінде малынан айрылған құлсарылықтарға мамыр айының соңына дейін өтемақы төленеді