Шымкентте опера әншісі Майра Мұхамеджанқызы дауыс берді

16:03, 29 қараша 2026
MKZ: 1580368

© Сурет: Шымкент әкімдігі

Шымкент қаласындағы №11 сайлау учаскесінде белгілі опера әншісі Майра Мұхамеджанқызы дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайлау учаскесі А.Асқаров көшесі, №45 мекенжайында орналасқан. Өнер иесі учаскеге келіп, азаматтық таңдауын жасады.

Майра Мұхамеджанқызы – опера өнерінің өкілі ретінде мәдениет саласында танылған тұлға. Классикалық өнерді дәріптеп, руханияттың дамуына үлес қосып жүрген өнер иесінің қоғамдық-саяси науқанға қатысуы да азаматтық белсенділіктің бір көрінісі.

Шымкентте опера әншісі Майра Мұхамеджанқызы дауыс берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2026 16:03

Сурет: Шымкент әкімдігі

Мәдениет пен өнер қоғамның рухани дамуына ықпал етіп қана қоймай, елдің ортақ құндылықтарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Ал әр азаматтың сайлауға қатысуы – қоғамдық өмірге араласудың және ел болашағына қатысты өз таңдауын білдірудің мүмкіндігі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!