Тамирлан Тілеулес Гран-при сериясының финалындағы алғашқы жекпе-жегінде әлем чемпионына жол берді

10:05, 29 қараша 2026
MKZ: 1580326

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Астанада өтіп жатқан Гран-при сериясының финалында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 58 келіге дейінгі салмақта 2025 жылғы әлем чемпионы, ирандық Аболфазл Зандимен күш сынасты.

Екі раундтың қорытындысы бойынша Иран өкілі 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, қос таеквондошы бұған дейін 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалында кездескен болатын. Сол жекпе-жекте Тамирлан Тілеулес жеңіске жетіп, нәтижесінде Азия ойындарының чемпионы атанған еді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!