Паралимпиада спортшысы Жанат Әйтімова дауыс берді
© Сурет: Шымкент әкімдігі
Бүгін Шымкент қаласындағы №35 сайлау учаскесінде паралимпиада спортшысы Жанат Әйтімова дауыс беріп, азаматтық таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сайлау учаскесі К. Бектаев көшесі, №100 мекенжайында орналасқан "Smart инновация" жалпы орта мектебінің ғимаратында жұмыс істейді. Спортшы сайлау учаскесіне келіп, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқаннан шет қалмай, өз таңдауын білдірді.
Паралимпиадалық спорт – қайсарлықтың, табандылықтың және алға қойған мақсатқа деген жігердің айқын көрінісі. Бұл салада бақ сынайтын спортшылар үлкен дайындық пен төзімділіктің арқасында биік белестерді бағындырады. Олардың өмір жолы қоғамға жігер мен сенім сыйлап, қандай жағдайда да белсенді болудың маңызын көрсетеді.
Ал азаматтық белсенділік – әр адамның қоғам алдындағы жауапкершілігін танытатын маңызды ұстаным. Әсіресе, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау үдерісіне еркін қатысуына мүмкіндік жасау, олардың таңдау құқығын қамтамасыз ету – инклюзивті қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.
Жанат Әйтімованың сайлауға қатысуы спорттағы табандылықпен қатар, қоғамдық өмірге де белсенді араласудың маңызын аңғартты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:00, 29 қараша 2026
Бектенов мәслихат депутаттары сайлауында дауыс берді
-
14:11, 29 қараша 2026
Тоқаев мәслихат депутаттары сайлауында дауыс берді
-
14:11, 29 қараша 2026
Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді
-
14:09, 29 қараша 2026
Мәслихат депутаттары сайлауында қазақстандықтардың 45,46%-ы дауыс берді
-
14:05, 29 қараша 2026
Қарағанды облысында жоғалған әйел шөп қорадан табылды








