Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке қатысы бар күдікті әйел ұсталды
© Фото: zakon.kz
Алматыда бес адамның қаза табуына себеп болған жеке тұрғын үйдегі өртке қатысты күдікті әйел ұсталды.
Тергеу нұсқасы бойынша, ол үйді жеке бас араздығы салдарынан қасақана өртеген болуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Полиция қызметкерлері тергеу барысында бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, оқиғаға қатысы болуы мүмкін әйелдің жүрген бағытын анықтаған.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 37 жастағы әйел қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматы қалалық ПД мәліметінше, қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні қаланың Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтаған кезде үй ішінен бес адамның мәйіті табылды.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Өрт салдарынан баспанасынан айырылған тұрғындар қонақүйге орналастырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:40, 28 қараша 2026
Рыбакина қазақтың қай тағамын ерекше жақсы көретінін айтты
-
16:11, 28 қараша 2026
Астанадағы Гран-при: таеквондошы Батырхан Төлеуғали финалға шықты
-
16:00, 28 қараша 2026
29 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғады
-
15:41, 28 қараша 2026
Карина Ибрагимова бокстан әлем кубогы кезеңінде Олимпиада жүлдегерін жеңді
-
15:15, 28 қараша 2026
Даниял Сәбит бокстан әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады





