BilimClass платформасына кибершабуыл жасалды

11:40, 29 қараша 2026
MKZ: 1580339

© Сурет: gov.kz

29 қарашаға қараған түні BilimClass білім беру платформасына кибершабуыл жасалды. Бейтаныс адамдар сервистердің біріне қол жеткізіп, кейбір оқу пәндерінің атауын өзгерткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның мәліметінше, кибершабуыл түнгі сағат 01:09-да болған. Платформа командасы оқушылардың, ата-аналар мен педагогтердің деректерін қорғау үшін жедел шаралар қабылдаған.

Сағат 09:00-дегі жағдай бойынша BilimClass платформасының жұмысы қалпына келтірілді. Тексеру барысында шабуыл жасағандар мәтін аудару сервисіне қол жеткізіп, кейбір оқу пәндерінің атауын өзгерткені анықталды. Олардың әрекеті дереу тоқтатылған.

Компания өкілдері белгісіз адамдардың платформаға уақытша әрі шектеулі қол жеткізуі пайдаланушылардың деректеріне әсер етпегенін мәлімдеді. Қазір тексеру жалғасып жатыр. Оның нәтижесі туралы қосымша ақпарат беріледі.

Сондай-ақ 27 қарашада BilimClass білім беру платформасында жергілікті техникалық ақау болған еді. Сол кезде компания пайдаланушылардың барлық дерегі толық сақталғанын және ақпараттың таралу дерегі анықталмағанын хабарлаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!