Күздің соңғы күнінде елімізде қар жауып, боран соғады
© Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" 2026 жылғы 30 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидрометтің" болжамына қарағанда, дүйсенбі, 30 қарашада Қазақстанның барлық өңірінде ауа райы құбылмалы болады.
Елдің солтүстік жартысында қар жауып, боран соғады. Ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ пен тұман болады.
Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында болатын ауа райы болжамын жариялаған еді. Қыстың алғашқы күндерінде елордада ауа температурасы -15°C-қа дейін төмендейді. Алматыда жаңбыр қарға ұласады, ал Шымкентте күн жылы болып, ауа температурасы +12°C-қа дейін жетеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:20, 29 қараша 2026
Паралимпиада спортшысы Жанат Әйтімова дауыс берді
-
15:00, 29 қараша 2026
Бектенов мәслихат депутаттары сайлауында дауыс берді
-
14:11, 29 қараша 2026
Тоқаев мәслихат депутаттары сайлауында дауыс берді
-
14:11, 29 қараша 2026
Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді
-
14:09, 29 қараша 2026
Мәслихат депутаттары сайлауында қазақстандықтардың 45,46%-ы дауыс берді





