Мәслихат сайлауы: қазақстандықтардың 12,31%-ы дауыс берді

10:12, 29 қараша 2026
MKZ: 1580327

© Фото: Zakon.kz

Республика бойынша сағат 10:00–де тізімге енгізілген сайлаушылардың 12,31% дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпараттарға сәйкес өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруі туралы алдын ала деректер:

  • Астана қаласы – 9,93%
  • Абай облысы – 12,56%
  • Ақмола облысы – 12,04%
  • Ақтөбе облысы – 16,49%
  • Алматы облысы – 13,53%
  • Атырау облысы – 11,86%
  • Батыс Қазақстан облысы – 11,85%
  • Жамбыл облысы – 12,83%
  • Жетісу облысы – 14,24%
  • Қарағанды облысы – 14,01%
  • Қостанай облысы – 9,75%
  • Қызылорда облысы – 16,33%
  • Маңғыстау облысы – 13,02%
  • Павлодар облысы – 10,91%
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 10,82%
  • Түркістан облысы – 15,32%
  • Ұлытау облысы – 12,97%
  • Шығыс Қазақстан облысы – 14,37%
  • Алматы қаласы – 6,41%
  • Шымкент қаласы – 12,67%

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!