Атырау облысында 278 сайлау учаскесі жұмысын бастады

08:03, 29 қараша 2026
MKZ: 1580311

© Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Атырау облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру басталды. Таңғы сағат 07:00-де өңірдегі 278 сайлау учаскесі ашылды. Тұрғындар жергілікті өкілді органдардың депутаттарын сайлауға қатысады.

Облыста 425 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Сайлауды ұйымдастыруға 374 сайлау комиссиясы жұмылдырылған. Оның ішінде 9-ы – аумақтық, 87-сі – округтік, 278-і – учаскелік комиссия. Комиссия құрамында барлығы 2 536 адам бар.

Бүгін Атырау облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру басталды. Таңғы сағат 07:00-де өңірдегі 278 сайлау учаскесі ашылды. Тұрғындар жергілікті өкілді органдардың депутаттарын сайлауға қатысады., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2026 08:03

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайлауға дайындық бірнеше апта бойы жүргізілді. Дауыс беру орындарының әзірлігі, сайлаушылар тізімін нақтылау, учаскелерді материалдық-техникалық жабдықтау және мүгедектігі бар азаматтарға қажетті жағдай жасау мәселелеріне назар аударылды.

Еске салайық, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр. Қазақстан бойынша облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі 228 мәслихатқа 3 447 депутат сайланады. Сайлауға республика бойынша 7 саяси партия, ал Атырау облысы бойынша 6 саяси партия қатысады. Сонымен қатар кандидаттар бірмандаттық округтер бойынша да ұсынылды.

Бүгін Атырау облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру басталды. Таңғы сағат 07:00-де өңірдегі 278 сайлау учаскесі ашылды. Тұрғындар жергілікті өкілді органдардың депутаттарын сайлауға қатысады., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2026 08:03

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мәслихаттар жергілікті тұрғындардың мүддесін білдіреді, жергілікті бюджетті бекітіп, оның орындалуын бақылайды, аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді қарайды. Сайланған депутаттардың өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Бүгін Атырау облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру басталды. Таңғы сағат 07:00-де өңірдегі 278 сайлау учаскесі ашылды. Тұрғындар жергілікті өкілді органдардың депутаттарын сайлауға қатысады., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2026 08:03

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дауыс беру учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Заңнамада көзделген жағдайларда аумақтық сайлау комиссиялары дауыс берудің басталу және аяқталу уақытын өзгеше белгілей алады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!