Мәслихат депутаттарын сайлау: Қазақстан халқының 53,86%-ы дауыс берді

16:17, 29 қараша 2026
MKZ: 1580367

© Фото: Zakon.kz

29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 53,86%-ы дауыс берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші мынадай:

  • Астана қаласы – 39,91%;
  • Абай облысы – 63,02%;
  • Ақмола облысы – 53,16%;
  • Ақтөбе облысы – 66,19%;
  • Алматы облысы – 56,25%;
  • Атырау облысы – 51,17%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 52,27%;
  • Жамбыл облысы – 56,31%;
  • Жетісу облысы – 68,03%;
  • Қарағанды облысы – 53,42%;
  • Қостанай облысы – 54,15%;
  • Қызылорда облысы – 67,36%;
  • Маңғыстау облысы – 56,17%;
  • Павлодар облысы – 55,89%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 56,58%;
  • Түркістан облысы – 69,84%;
  • Ұлытау облысы – 51,53%;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 61,47%;
  • Алматы қаласы – 33,73%;
  • Шымкент қаласы – 40,23%.

Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 69,84%-ы дауыс берген. Ал ең төменгі көрсеткіш Алматыда – 33,73%.

Айта кетейік, сайлау 228 мәслихатта өтеді. Оның ішінде 20 облыстық, 38 қалалық және 170 аудандық мәслихат бар.

Еске салайық, бұған дейін 29 қарашада сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46%-ы дауыс берген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!