Астанада түнде -15 градусқа дейін аяз болады: үш мегаполистің бес күндік ауа райы болжамы
© Сурет: Zakon.kz/ЖИ
"Қазгидромет" 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын жариялады. Қыстың алғашқы күндерінде елордада аяз күшейіп, Алматыда жаңбыр қарға ұласады. Ал Шымкентте күндіз ауа температурасы +12 градусқа дейін көтеріледі.
Астана
30 қараша: Аспанды бұлт торлайды, түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -11...-13, күндіз -8...-10 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.
1 желтоқсан: Аспанды бұлт торлайды, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -13...-15, күндіз -8...-10 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр.
2 желтоқсан: Аспанды бұлт торлайды. Түнде жауын-шашын болмайды, күндіз аздап қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Түнде ауа температурасы -13...-15, күндіз -8...-10 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр.
3 желтоқсан: Аспанды бұлт торлап, аздап қар жауады. Түнде ауа температурасы -13...-15, күндіз -8...-10 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр.
4 желтоқсан: Аспанды бұлт торлайды. Түнде аздап қар жауады, күндіз жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -13...-15, күндіз -8...-10 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр.
Алматы
30 қараша: Аспанды бұлт торлайды. Таңертең және күндіз мезгіл-мезгіл жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Түнде ауа температурасы +1...+3, күндіз +5...+7 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр.
1 желтоқсан: Күн бұлтты болады. Мезгіл-мезгіл жаңбыр мен қар жауып, күндіз жауын-шашын кей уақытта қатты жауады. Тұман түседі. Түнде ауа температурасы 0...+2, күндіз +4...+6 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге жетеді.
2 желтоқсан: Күн бұлтты болады. Жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, кей уақытта қатты жауады. Тұман түседі. Түнде ауа температурасы 0...+2, күндіз +4...+6 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 метрге жетеді.
3 желтоқсан: Күн бұлтты болады. Негізінен қар жауып, тұман түседі. Түнде ауа температурасы -2...0, күндіз +3...+5 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр.
4 желтоқсан: Күн бұлтты болады. Негізінен қар жауып, тұман түседі. Түнде ауа температурасы -2...0, күндіз +3...+5 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр.
Шымкент
30 қараша: Аспанды бұлт торлайды. Түнде жауын-шашын болмайды, күндіз жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +3...+5, күндіз +8...+10 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр.
1 желтоқсан: Аспанды бұлт торлайды. Түнде жаңбыр жауып, тұман түседі, күндіз жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +4...+6, күндіз +8...+10 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр.
2 желтоқсан: Аспанды бұлт торлайды, жауын-шашын болмайды. Түнде тұман түседі. Ауа температурасы түнде +3...+5, күндіз +8...+10 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр.
3 желтоқсан: Аспанды бұлт торлайды. Түнде жауын-шашын болмайды, күндіз жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +3...+5, күндіз +10...+12 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр.
4 желтоқсан: Аспанды бұлт торлап, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Түнде тұман түседі. Түнде ауа температурасы +3...+5, күндіз +10...+12 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:39, 29 қараша 2026
Шымкентте белгілі актерлер Нүркен Иманқұлов пен Шапағат Орынбаев дауыс берді
-
09:00, 29 қараша 2026
Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды
-
08:03, 29 қараша 2026
Атырау облысында 278 сайлау учаскесі жұмысын бастады
-
07:50, 29 қараша 2026
Әбдез Рахманұлы: Мәслихат – халық мүддесін білдіретін маңызды өкілді орган
-
19:48, 28 қараша 2026
Валерия Аксенова бокстан әлем кубогының ширек финалында есе жіберді





