Алматы, Шымкент және тағы екі қала тұрғындарына ауа сапасына қатысты ескерту жасалды

17:40, 28 қараша 2026
MKZ: 1580260

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Синоптиктер 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстанның төрт қаласында ауа ластануы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" болжамына сәйкес, жексенбі күні Алматы, Шымкент, Түркістан қалаларында, сондай-ақ түнде Атырауда атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, баяу жел, тұман, температуралық инверсия) жиынтығы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!