Жабайы аю бес адамға шабуыл жасады
© Сурет: pixabay
Үндістанның Удхампур ауданында жабайы аю адамдарға тап берді. Салдарынан кемінде бес адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
JK News агенттігінің жазуынша, оқиға Панчари ауданына қарасты Даранг-Бакал елді мекенінде болған. Зардап шеккендер алдымен жергілікті Панчари ауруханасына жеткізілген.
Кейін науқастар одан әрі ем алу үшін Удхампур мемлекеттік медициналық колледжіне ауыстырылды.
"Шабуыл таңертең болған. Кемінде бес адам жарақат алды", – деп хабарлады жергілікті билік өкілдері.
Қазір билік жағдайды бақылауға алған. Жабайы жыртқыштың елді мекенге жақындауына алаңдаған тұрғындар шенеуніктер мен тиісті қызметтерден шұғыл шара қабылдап, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:26, 27 қараша 2026
Путин Майамидегі G20 саммитіне бара ма? Трамп не деді
-
12:35, 27 қараша 2026
Түркиядан 9 елге шығарылған 256 млн долларлық актив бұғатталды
-
11:51, 27 қараша 2026
Дағыстандық күш иесі тісімен 125 тонналық тепловозды 15 метрге сүйреді
-
11:40, 27 қараша 2026
Ұшақ көкте болғанда ер адам есікті ашпақ болған: жолаушылар мен бортсеріктер оны тоқтатты
-
10:41, 27 қараша 2026
Жаңа жыл қарсаңында отшашуға тыйым салынуы мүмкін





