Шенеуніктердің фото-видеосын қай кезде келісімінсіз жариялауға болады

12:24, 18 қараша 2026
MKZ: 1578358

© Фото: Zakon.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 2026 жылғы 18 қарашада Құрылтай отырысында лауазымды тұлғаларды қандай жағдайда келісімінсіз фотоға немесе видеоға түсіріп, сол материалдарды жариялауға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Депутат Максим Рожин адамның бейнесін оның келісімінсіз жариялау тәртібін белгілегенде азаматтардың жеке өміріне қол сұқпау құқығын да, қоғамның заң бұзушылықтар туралы білу құқығын да ескеру қажет екенін айтты.

"Ұсынылған нұсқаны қолдауға болады. Алайда лауазымды тұлғалардың жеке өміріне қатысты фото-видеоматериалдарды олардың келісімінсіз жариялауға тыйым салуды да заңда бекіту маңызды. Мұнда олардың демалыста, медициналық мекемеде, отбасылық немесе діни іс-шараларда түсірілген суреттері мен бейнежазбалары туралы айтып отырмын. Мұндай жағдайлардың аражігін ажырататын нақты өлшемдер бола ма?" – деп сұрады депутат.

Арман Қырықбаев лауазымды тұлғаның жеке өміріне қатысты фотосуреттер мен бейнежазбаларды оның келісімінсіз әлеуметтік желілерде жариялауға болмайтынын айтты.

"Бұл тек отбасылық өмірге қатысты бейнежазбалармен шектелмейді. Адамның жеке өміріне қол сұғуға болмайды. Бұл – Конституцияның талабы. Ал егер лауазымды тұлға ресми кеңеске, мысалы, Құрылтай отырысына қатысып отырса және фото не видео сол отырыста түсірілсе, оны жариялау үшін рұқсат алудың қажеті жоқ", – деп түсіндірді министр.

Бұған дейін Арман Қырықбаев 16 жасқа толмаған балалардың тіркелуіне қатысты ұсынылған шектеу қандай интернет-ресурстарға қолданылмайтынын түсіндірген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!