Дін қызметкерінің әзілінен кейін Австрияда дау шықты
© Сурет: pexels
Австрияның Инсбрук қаласындағы Хёттинг шіркеуінде Әулие Мартин мерекесі кезінде түсініспеушілік болды. Дін қызметкері жамағатпен бірге христиандардың "Отче наш" дұғасын оқып жатқанда оны тоқтатып, жиналғандардан дұғаны қайта әрі қаттырақ айтуды талап еткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Heute басылымының жазуынша, бұған дейін балалар мерекелік шеру кезінде қолдарына шам ұстап, басқа қонақтармен бірге ән айтқан. Алайда шіркеуде дұға оқуға кіріскенде, айнала әдеттегіден тым тынышталып кеткен. Сол кезде шіркеу қызметкері Марек Цесельский дұғаны тоқтатып, оны қайта бастауды ұсынған.
Аналардың бірінің айтуынша, дін қызметкері жиналғандарға екі рет "Тоқтаңдар, шіркеуді құлыптап жабыңдар" деген. Оның ойынша, жамағат дұғаны тым бәсең оқыған. Осыдан кейін жиналғандар дұғаны қайта айтуға мәжбүр болған. Тек содан соң ғана олардың шіркеуден шығуына рұқсат берілген. Куәгердің сөзінше, дін қызметкерінің бұл әрекеті басқа ата-аналарды да таңғалдырған.
Ал Марек Цесельский оқиғаның басқаша болғанын айтады. Оның сөзінше, бұл жай ғана әзіл болған. Дін қызметкері дұғаны алғаш оқығанда жиналғандардың көбі оған қосылмағанын байқаған.
"Мен біреудің ренжіп қалатынын немесе сөзімді қоқан-лоқы ретінде қабылдайтынын ойлаған жоқпын. Бұл жағдайға өкінемін", – деп түсіндірді дін қызметкері.
Бұған дейін Алматыда радикалды идеяларды таратты деген күдікке ілінген адамның ұсталғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:08, 18 қараша 2026
Астанада газ қондырғысы бар көлік өртенді
-
12:48, 18 қараша 2026
Карлсен Асаубаеваға қарсы соңғы партияға қатыспай, техникалық жеңіліс алды
-
12:38, 18 қараша 2026
Мектептердегі психологиялық қолдау кабинеттерінде не өзгереді
-
12:24, 18 қараша 2026
Шенеуніктердің фото-видеосын қай кезде келісімінсіз жариялауға болады
-
12:17, 18 қараша 2026
Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр мен қар жауып, түнде 13 градусқа дейін аяз болады





