Бірнеше көлік автотұрақта қауіпті маневр жасап, полиция назарына ілікті

14:17, 17 қараша 2026
MKZ: 1578172

© Фото: Zakon.kz

Көкшетауда Назарбаев көшесіндегі автотұрақта бірнеше жүргізуші қауіпті маневр жасап, дрифт ұйымдастырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел басқару орталығының камералары төрт көлік жүргізушісінің әр уақытта дрифт жасағанын тіркеген. Бұл туралы 2026 жылғы 16 қарашада Ақмола облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.

"Бейнежазбаларда Lada, Chevrolet Cobalt, Mercedes-Benz және Daewoo Nexia автокөліктерінің жүргізушілері күрт бұрылып, көлікті бүйірімен сырғанатқан сәттер түсіп қалған", – делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер құқық бұзған жүргізушілердің барлығын анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Полиция өкілдері қоғамдық автотұрақтар экстремалды көлік жүргізуге арналмағанын еске салды. Мұндай маневрлер көлік тізгініне ие бола алмай қалуға, жол апатына және айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. Әуезов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында Toyota Camry мен өрт сөндіру көлігі соқтығысқан еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!