Мектептердегі психологиялық қолдау кабинеттерінде не өзгереді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Оқу-ағарту министрі 2026 жылғы 11 қарашадағы бұйрығымен білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңартылған қағидаларға сәйкес, білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған кабинет қарастырылады. Онда педагогтер мен психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары балалармен жеке, шағын топпен және топпен сабақ өткізеді.
Қолдау кабинеті төрт аймаққа бөлінеді:
- Оқу аймағында педагог сабақ өткізеді.
- Жеке сабақ аймағында мамандар баламен жеке жұмыс істеп, оған арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.
- Топтық сабақ аймағында балалар шағын топпен және топпен сабаққа қатысады.
- Сенсорлық реттеу аймағында эмоционалдық, мінез-құлық немесе өзге де себептермен оқу процесіне қатысуы қиындаған балаларға қысқа мерзімді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі.
Кабинет қажетті жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылады.
Жеке, шағын топтық және топтық сабақтар білім беру ұйымының басшысы бекіткен кесте бойынша өтеді. Кестеде сабақтардың уақыты мен өту реті белгіленеді. Оны жасағанда балаларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны мен көлемі ескеріледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:08, 18 қараша 2026
Астанада газ қондырғысы бар көлік өртенді
-
12:54, 18 қараша 2026
Дін қызметкерінің әзілінен кейін Австрияда дау шықты
-
12:48, 18 қараша 2026
Карлсен Асаубаеваға қарсы соңғы партияға қатыспай, техникалық жеңіліс алды
-
12:24, 18 қараша 2026
Шенеуніктердің фото-видеосын қай кезде келісімінсіз жариялауға болады
-
12:17, 18 қараша 2026
Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр мен қар жауып, түнде 13 градусқа дейін аяз болады





