«Қазгидромет» Қазақстанның алты қаласының тұрғындарына ескерту жасады

16:44, 29 қараша 2026
MKZ: 1580370

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

"Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылғы 30 қарашада Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүйсенбі күні болжамға сәйкес, атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Шымкент және Түркістан қалаларында, сондай-ақ түнде Алматыда күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – желсіздік, баяу жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі.

Мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына әсер етеді.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" 2026 жылғы 30 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!