Таразда жол ережесін қайта-қайта бұзған жүргізуші ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында бейнебақылау камералары жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушіні анықтады. Ол көлігінің алдыңғы әйнектерін күңгірттеп, қауіпсіздік белдігін тақпай жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығы қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы заң бұзған жүргізушіні анықтады. Көлік Жамбыл даңғылында тоқтатылды.
Тексеру кезінде жүргізушінің алдыңғы әйнектері күңгірттелген автокөлікті басқарғаны, қауіпсіздік белдігін тақпағаны және жол таңбаларының талаптарын сақтамағаны белгілі болды. Бұған қоса, көлік міндетті техникалық байқаудан өтпеген.
Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлігі мамандандырылған айыптұраққа қойылды.
Полиция өкілдері жол қозғалысы ережелерін сақтау әрбір жүргізушінің міндеті екенін еске салды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:12, 29 қараша 2026
Мәслихат сайлауы: қазақстандықтардың 12,31%-ы дауыс берді
-
09:39, 29 қараша 2026
Шымкентте белгілі актерлер Нүркен Иманқұлов пен Шапағат Орынбаев дауыс берді
-
09:15, 29 қараша 2026
Астанада түнде -15 градусқа дейін аяз болады: үш мегаполистің бес күндік ауа райы болжамы
-
09:00, 29 қараша 2026
Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды
-
08:03, 29 қараша 2026
Атырау облысында 278 сайлау учаскесі жұмысын бастады





