Бүгін Қарағандыда әйелдер боксынан Азия чемпионатына іріктеу турнирі басталады
© Сурет: freepik
Бүгін, 22 қыркүйекте Қарағанды қаласында әйелдер боксынан “Мықтылар турнирі” басталады. Бұл жарыс қарашада Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып табылады, деп хабарлайды Zakon.k
Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыс 22-28 қыркүйек күндері аралығына белгіленген. Турнирде 19-40 жас аралығындағы спортшылар 12 салмақ дәрежесі бойынша өзара бақ сынасады.
Атап айтқанда: 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг.
"2006 жылғы қатысушылар бас бапкердің рұқсатымен ғана жарысқа жіберіледі. Қазақстан бокс федерациясы аталмыш жарысты барынша ашық өткізу үшін тікелей көрсетілім, толыққанды ақпарат тарату және таза төрелік тұрғысынан қамтамасыз етеді Айта кетерлік жайт, Қарағандыдағы бәсекеде боксшылар арнайы бас киімсіз шаршы алаңға шығады. Бұл өзгеріс әйелдер боксында халықаралық аренада бұдан былай бас киім болмайтынымен байланысты. Соның ішінде жаңа ереже Азия чемпионатынан бастап енгізілмек", делінген хабарламада.
Айта кетсек, 20 қыркүйекте Қазақстан бокс федерациясы ерлер құрамасының жаңартылған бапкерлік құрамының тізімін жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:10, 22 қыркүйек 2024
Қостанайда ауруханадағы бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
10:56, 22 қыркүйек 2024
Франция Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді
-
10:26, 22 қыркүйек 2024
Қытайда хайуанттар бағында панда деп жұрт тамашалап жүрген жануар ит болып шықты
-
09:58, 22 қыркүйек 2024
Алматыдағы ҰҚК Шекара академиясы аумағынан адам қаңқасы табылды
-
09:21, 22 қыркүйек 2024
Алматыда 22 қыркүйекте жөндеу жұмыстарына байланысты қай жолдар жабылады