Қулығы әшкере болған елордалық көлік жүргізу куәлігінен айырылды

12:55, 21 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Астанада Республика даңғылында патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірдің бір санын қағазбен жауып қойған Chrysler көлігін тоқтатты. Бұл әдісті жүргізуші көлікті анықтауды қиындату үшін жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер бұл жағдайға тез әрекет етіп, ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырды.


"Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Сот шешімі бойынша жүргізуші бір тәулікке қамауға алынып, бір жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін көшеде кіші дәрет сындырған елордалықтың басы дауға қалғанын жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!