Алматыдағы ҰҚК Шекара академиясы аумағынан адам қаңқасы табылды

09:58, 22 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Алматыдағы ҰҚК Шекара академиясы аумағынан адам қаңқасы табылды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде 21 қыркүйекте кешке пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде адамның сүйектері табылғанын растады.


"Баяғыда көмілген адам сүйектерін табу фактісі бойынша Медеу ауданының полиция басқармасы тексеру шараларын қолға алды", – деді ведомстводан.

2024 жылдың тамызында Шығыс Қазақстан облысында сумен жабдықтау құбырларын төсеу кезінде ауыл әкімдігінің ғимаратына қарама-қарсы беттен адам сүйектері табылған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!