Алматыда 22 қыркүйекте жөндеу жұмыстарына байланысты қай жолдар жабылады

09:21, 22 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

22 қыркүйекте Алматыда кейбір жолдар жабық болады, деп хабарлайды Zakon.kz

22 қыркүйекте сағат 14:00-ге дейін Павлодар көшесіндегі №136 үйден бастап Мақатаевқа дейін қарама-қарсы қос беттегі көлік қозғалыстарына тыйым салынады.

Қапшағай көпірінің жөнделуіне байланысты 22 қыркүйекте сағат 11:00-ге дейін Бұрындай көшесінен "Самал" дүкеніне дейінгі жол учаскесі жабылады. Бұл арада батыс бағыттан облысқа қарай кері қозғалыс ұйымдастырылады. 22 қыркүйекте сағат 23:00-ден 24 қыркүйекте сағат 11:00-ге дейін шығыс бағыттан қалаға қарай кері қозғалыс ұйымдастырылады.

Абай даңғылын ұзартуға байланысты 29 қыркүйекте сағат 23:00-ге дейін Алатау даңғылынан Құрылыс көшесіне дейін жол жабық болады. Айналып өту жолдары оңтүстік бағытта - Құрылыс, Құндызды, Сәбденов, солтүстік бағытта - Құрылыс, Медеубеков, Бекешев көшелері арқылы ұйымдастырылады.

22 қыркүйекте сағат 07:00-ден 23 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін Серкебаев даңғылы бойынша Есқараевтан Қожановқа дейінгі аралықта қарама-қарсы қос беттегі көлік қозғалыстарына тыйым салынады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!