Алматыда полиция стоматология ғимаратынан 13 мың вейп тәркіледі
© Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Алматыда стоматологиялық емханалардың бірінде электронды темекінің заңсыз айналымы анықталған. Тінту кезінде емхана қоймасынан 13 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін бұрын сотты болған 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Ол электронды темекінің заңсыз айналымын ұйымдастырғанын мойындады.
"Ол заңсыз баю мақсатында досының емханасында уақытша сақтау үшін қойма ұйымдастырып, тыйым салынған вейп құралдарын жасырын сатумен айналысқанын айтты. Қылмыстық істі Медеу аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр", – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:58, 21 қыркүйек 2024
Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы: Тоқаев «Балалар кітапханасы» бағдарламасын қолға алуды тапсырды
-
15:39, 21 қыркүйек 2024
Маңғыстау облысында әйелді сабап тастаған ер адам полицейлер мен ақ халаттылардың да үрейін алған
-
14:52, 21 қыркүйек 2024
Терроризмге қарсы күрес штабы БҚО тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
-
14:27, 21 қыркүйек 2024
Антикор Абылай Мырзахметовтың ісі бойынша мәлімдеме жасады
-
13:26, 21 қыркүйек 2024
Алматыда жасөспірім қыз биіктен құлап, мерт болды