Қазақстанға 170 тонна картопты заңсыз алып кірмек болғандар тұтылды

11:50, 21 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қостанай облысынан Ресейге 170 тонна картоп кері қайтарылды. Картопты жеткізушілерде қажетті фитосанитарлық сертификат болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатсыз тонналаған картопты ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Костанай облыстық инспекциясы Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан "Қайрақ" фитосанитарлық бақылау бекетінде анықтады.

"Әкімшілік хаттамалар толтырылды. Картоптың барлық партиясы кері қайтарылды", деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

"Қайрақ" фитосанитарлық бақылау бекетінде 18-19 қыркүйекте 12 бұзушылық анықталғаны нақтыланады.

Айта кетсек, 14 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында 8 вагон Ресей астығын елімізге кіргізбек болғандардың жолы кесілді. Ішкі нарықты қорғау мақсатында елімізге сырттан бидай кіргізуге тыйым салынғанын баса айта кетелік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!