Жолда ойына келгенін жасаған алматылық жүргізуші бес бап бойынша жауапқа тартылды
© Сурет: pixabay
Алматыда түнгі сағат бірде BMW көлігін тізгіндеген 21 жастағы бозбала Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында дрифт жасап, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына нақты қауіп төндірген, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алмалы ауданында түнде "Астана" алаңына жақын орналасқан үйлердің тұрғындары тежегіштердің сықыры мен мотордың гуілдеген дыбысынан оянып, бірден 102 байланыс желісіне хабарласқан.
"BMW көлігінің жүргізушісі ұсталып, ол жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін бес бап бойынша жауапқа тартылды. Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Шешім шығару үшін іс материалдары жақын арада сотқа жолданады", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов
21 жастағы Алматы тұрғынының бес тәулікке әкімшілік қамауға алынғаны да нақтыланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:39, 21 қыркүйек 2024
«500 балаға бір маман». Қаңтар айынан бастап мектептегі психологтар саны артады
-
18:39, 21 қыркүйек 2024
Динара Зәкиева: Мектеп психологтарының көбісі дұрыс жұмыс істемейді
-
17:31, 21 қыркүйек 2024
Астанада 62 мыңнан астам адам сенбілікке қатысты
-
16:53, 21 қыркүйек 2024
Ғалымдар Қапалдағы ежелгі ашық аспан асты обсерваторияны мемлекеттің қорғауына алуды сұрайды
-
16:28, 21 қыркүйек 2024
«Үш өңірде жауын-шашын болмайды». Еліміз бойынша 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы