Терроризмге қарсы күрес штабы БҚО тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
© Сурет: Instagram/police_almobl
Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарланған. Осыған байланысты тұрғындарға өңірде шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екені ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндігі Батыс Қазақстан облыстық жедел штабы мәлімдеді.
"2024 жылдың 21 қыркүйегінде БҚО бойынша ҰҚК ТҚО бөлімі Бөкейорда аудандық терроризмге қарсы күрес жедел штабының дайындығын тексеру бойынша лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу жүргізіледі. Осыған байланысты автокөлік пен халықтың қозғалысына қысқа уақытқа шектеулер енгізілетінін хабарлаймыз. Азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, сабырлық сақтауды және құқық қорғау қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз", делінген ресми хабарламада.
Іс-шараның мақсаты террористік сипаттағы әртүрлі қауіптердің жолын кесуге құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дайындық деңгейін тексеру болып табылады.
Айта кетсек, 18 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі еліміздің екі өңірінің тұрғындарына ескерту жасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:14, 21 қыркүйек 2024
Жолда ойына келгенін жасаған алматылық жүргізуші бес бап бойынша жауапқа тартылды
-
16:53, 21 қыркүйек 2024
Ғалымдар Қапалдағы ежелгі ашық аспан асты обсерваторияны мемлекеттің қорғауына алуды сұрайды
-
16:28, 21 қыркүйек 2024
«Үш өңірде жауын-шашын болмайды». Еліміз бойынша 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 21 қыркүйек 2024
Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы: Тоқаев «Балалар кітапханасы» бағдарламасын қолға алуды тапсырды
-
15:39, 21 қыркүйек 2024
Маңғыстау облысында әйелді сабап тастаған ер адам полицейлер мен ақ халаттылардың да үрейін алды