Франция Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді
© Сурет: wikipedia.org
Франция президенті әкімшілігінің басшысы Алекси Колер жаңадан жасақталған Үкімет құрамындағы министрлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС агенттігінің мәліметінше, "Демократиялық қозғалыс" партиясының бұрынғы Еуропа істері жөніндегі министрі Жан-Ноэль Барро сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол Франция президенті Эммануэль Макронның ұсынысы бойынша ЕО-ның өркендеуі мен индустриялық стратегиясына жауапты Еурокомиссия төрағасының орынбасары болып тағайындалған "Ренессанс" президенттік партиясының мүшесі Стефан Сежурненің орнын басты.
Францияның Қарулы күштер министрі болып Себастьен Лекорню тағайындалды. Француз БАҚ атап өткендей, Қорғаныс министрлігі мен СІМ басшыларының лауазымдары, әдетте, бос тұратынын, оған Президент ұсынған кандидаттар тағайындалатынын жазады.
16 шілдеде Франция президенті Эммануэль Макрон Премьер-министр Габриэль Атталь басшылық еткен Үкімет отставкасын қабылдады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:47, 22 қыркүйек 2024
Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты биіктен құлап, мерт болды
-
12:39, 22 қыркүйек 2024
Қарағанды облысының тас жолдарында 18 жылжымалы блок-бекет қойылды
-
11:30, 22 қыркүйек 2024
Шымкентте теміржолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды пойыз қағып кетті
-
11:10, 22 қыркүйек 2024
Қостанайда ауруханадағы бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
10:26, 22 қыркүйек 2024
Қытайда хайуанттар бағында панда деп жұрт тамашалап жүрген жануар ит болып шықты