Антикор Абылай Мырзахметовтың ісі бойынша мәлімдеме жасады
© Сурет: atameken.kz
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазіргі уақытта "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.И. Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды", делінген Антикордың 21 қыркүйекте таратқан хабарламасында.
Жалпы, 2024 жылдың басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді.
"Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды. Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және Агенттіктің ерекше бақылауында", делінеді хабарламада.
Айта кетсек, Абылай Мырзахметов 2022 жылы ақпанда "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының өкілеттігінен өз бетімен бас тартты. Бұл туралы ол Ұлттық палатаның IX кезектен тыс съезінде өз атына келіп түскен сынмен келісе отырып мәлімдеді. 2023 жылы 10 мамырда "Атамекен" ҰКП экс-басшысы ірі пара алғаны үшін ұсталды. 13 мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Атамекен" ҰКП-ның бұрынғы басшысы Абай Мырзахметовті аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:58, 21 қыркүйек 2024
Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы: Тоқаев «Балалар кітапханасы» бағдарламасын қолға алуды тапсырды
-
15:39, 21 қыркүйек 2024
Маңғыстау облысында әйелді сабап тастаған ер адам полицейлер мен ақ халаттылардың да үрейін алған
-
14:52, 21 қыркүйек 2024
Терроризмге қарсы күрес штабы БҚО тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
-
14:40, 21 қыркүйек 2024
Алматыда полиция стоматология ғимаратынан 13 мың вейп тәркіледі
-
13:26, 21 қыркүйек 2024
Алматыда жасөспірім қыз биіктен құлап, мерт болды